1134
«Көз тиген»: Бапкер Магомед Адиевті қызметінен босату жөнінде ұсыныс жасалды
Кейінгі кезде Магомед Адиев жаттықтыратын ұлттық құрамамыз бен ол жаттықтыруды қолға алған кәсіби футбол клубы да сәтсіз өнер көрсетіп жүр.
Депутат Ринат Зайытов футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиевтің жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлады turkystan.kz.
Ринат Зайытов Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевқа М.Адиевтің ұлттық құрамада да, ресейлік «Ахмат» футбол клубында да ірі есеппен жеңіліп жүргенін атап өтті.
«Футбол жанкүйері ретінде сізге бір өтінішім бар. Футболдан бас бапкеріміз болып жүрген Магомед Адиевке көз тиген сияқты. «Ахмат» ойнаса, жеті гол кіргізеді, біздің құрама ойнаса, бес гол кіргізеді. Осы кісінің біліктілігі жайлы мәселе көтеріп отырмын. Оны ауыстыру керек сияқты», - деді Р. Зайытов.
Е. Маржықпаев депутат көтерген мәселелерге жазбаша жауап қайтарылатынын айтты.