Үш өңірде діни экстремистік ұйымның мүшелері ұсталды – ҰҚК

Ұсталған адамдардың екеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған.

Үш өңірде діни экстремистік ұйымның мүшелері ұсталды – ҰҚК
ҚР ҰҚК
576

ҰҚК ІІМ-мен өзара әрекеттесе, прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында Қазақстанның 4 азаматын ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

Олар республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның әрекетіне қатысты және ұйымдастырды деп күдіктеледі.

«Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында көптеген діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды», - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Атап өтетін жайт, ұсталған адамдардың екеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған.

Сотпен ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану сұрағы шешілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Серіктес жаңалықтары