783
OLED экраны бар әлемдегі алғашқы банк карталары шығарыла бастады
OLED панельдері бар карталар танымал бола ма, жоқ па белгісіз, өйткені көптеген банк клиенттері смартфон немесе смарт сағат арқылы төлем жасауға көшіп кетті.
Sentry Enterprises FinTech компаниясы OLED экраны бар әлемдегі алғашқы банк карталарын ұсынды. Компания, сонымен қатар, эмитенттерге зор мүмкіндік ашатын Radiance платформасын іске қосты. Бұл туралы oled-info.com жазды.
OLED экрандарын өндірумен айналысатын Konica Minolta компаниясы 2014 жылы икемді OLED панельдерін шығаратын зауыт салуға кірісті. 2020 жылдан бастап Konica Minolta шектеулі өнім партияларын шығара бастады.
OLED панельдері бар карталар танымал бола ма, жоқ па белгісіз, өйткені көптеген банк клиенттері смартфон немесе смарт сағат арқылы төлем жасауға көшіп кетті.