Өскеменде сейфтен 94 миллион теңге ұрлағандар ұсталды

Полицейлер 45 және 38 жастағы екі күдіктіні ұстады.

Өскеменде сейфтен 94 миллион теңге ұрлағандар ұсталды
polisia.kz
649

ШҚО полициясы 94 млн теңгенің ұрлығын ашты, деп хабарлады turkystan.kz.

5 сәуір күні Өскемен полициясына ұрлық туралы хабар түсті.

Жәбірленушілердің айтуынша, белгісіз біреулер кеңседегі сейфті бұзып кіріп, 94 млн теңгені ұрлап кеткен.

«Күдіктілер қылмыс орнынан қашу жолын алдын ала дайындап, өзенге жетіп, үрлемелі қайықпен қаланың басқа аймағына өткені анықталды», - делінген ІІМ-нің хабарламасында.

Бірнеше күннен кейін полицейлер 45 және 38 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар қамауға алынды.

Қайық пен ұрланған ақша олардың тұрғылықты жерінен тәркіленді. Қосымша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары