+40 градус: Мамыр айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

Мамыр айында атмосфералық процесстер жазға ауысады.

+40 градус: Мамыр айына арналған ауа райы болжамы жарияланды
egemen.kz
921

Мамырда 40 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Казгидромет мамандарының айтуынша, солтүстікте күндіз ауа температурасы +35 градусқа дейін, ал оңтүстікте +40 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін.

Мамыр айында атмосфералық процесстер жазға ауысады. Соның салдарынан күн құбылмалы болып, бірде қатты ысып, бірде суып кетуі мүмкін. Алғашқы онкүндікте күн ысығанымен, кейін кей уақытта екпінді жел тұрып, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

«Айдың көп бөлігінде жоғары температура көрсеткіші басым болады деп күтіліп отыр. Республикамыздың солтүстік жартысында күндіз ауа +25+35°C дейін ысуы мүмкін, оңтүстік жартысында +30+40°C дейін. Суық толқындар әсерінен ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде -5+5°C, күндіз +10+15°C, еліміздің батысында және оңтүстік жартысында түнде +5+15°C, күндіз +16+26°C болады», - деді Қазгидрометтің бірінші дәрежелі инженері Сымбат Өсер.


 

Серіктес жаңалықтары