582
Алматы облысында ер адам полицейге оқ атқан
Тәртіп сақшысы жарақат алды.
Алматы облысында полиция қызметкері қарулы отбасылық агрессорды ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, 17 сәуірде Алматы облысының елді мекендерінің бірінде шақырту бойынша келген учаскелік полиция инспекторына жергілікті тұрғын қарудан оқ атқан.
«Салдарынан тәртіп сақшысы жарақат алды. Жараланғанына қарамастан полицей ер адамды құрықтады. Ұсталған адам мас күйде болған», - делінген хабарламада.
Күдіктінің іс-әрекетінде құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғуды көздейтін қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар деп танылды.
Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.