749
Атырауда террористік акті жасалатыны туралы хабарлама таратқан 9-сынып оқушысы болып шықты
Жасөспірім анонимді Telegram-арна құрып, онда 21 сәуір күні Индер ауданындағы мектептерде террористік акті жасалатыны туралы хабарлама жариялаған.
Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД АТО бөлімімен бірлесіп, облыс мектептерінің бірінде оқитын 9-сынып оқушысын анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
Жасөспірім анонимді Telegram-арна құрып, онда 21 сәуір күні Индер ауданындағы мектептерде террористік акті жасалатыны туралы хабарлама жариялаған. Жазбамен бірге интернеттен жүктеп алған қарудың суретін салған.
Қазір оның осындай басқа да Telegram-арналар құруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.