Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы қазақстандықтарға үндеу жасады

Ол көпшіліктен қолдау күтетінін жазды.

Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы қазақстандықтарға үндеу жасады
1020

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова әлеуметтік желіде қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

“Аккаунтымды ашқан кезде маған көп адам жазылады деп ойламадым. Тек жалған аккаунттардан аулақ болғым келді. Бұл менің әлеуметтік желілердегі жалғыз парақшам, менде TikTok жоқ. Студент кезімнен @zhakiti аккаунтын қолданамын. Сондықтан да осы атау қалды. Қазір прокуратура қызметкері ретінде маған жүктелген жауапкершілікті түсініп, бар аккаунтымды @aimaganova_a деп өзгертуге және қоғамға ашық әрі пайдалы болуға шешім қабылдадым”, – деді прокурор.

Сондай-ақ ол көпшіліктен қолдау күтетінін айтты.

“Түсінгенім: өмірге адам болып өмірге келген соң адам боп қалу - міндет. Сондықтан болып жатқан істерге бей-жай қарау – сүйкімсіз адами қасиет. Ең бастысы – жүрекпен сезініп, жақсы ниетіңді аямау. Жан-жақтағы болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарамайық, қол үшін беріп көмектесейік!, – деді мемлекеттік айыптаушы.

Серіктес жаңалықтары