654
Дауыл, тұман: бүгін ауа райы қандай болады
20 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазгидромет елімізде 20 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп жазады turkystan.kz.
Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек түнде еліміздің шығысында аздаған жауын-шашын күтіледі. Күндіз елдің батысында аздаған жаңбыр жауады, республиканың оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын сақталады.
Батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай болады. Қазақстан бойынша желдің күшеюі күтіледі, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, оңтүстігінде – дауыл, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.