Атырау қаласының әкімі қайтыс болды деген жалған ақпарат тарады

Қазір құқық қорғау органдары тиісті шараларды қолдану үшін төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың атын жамылған жалған аккаунт иесін іздеумен айналысып жатыр

Атырау қаласының әкімі қайтыс болды деген жалған ақпарат тарады
Атырау облысының жедел штабы
732

Атырау қаласының әкімі қайтыс болды деген жалған ақпарат тарады, деп жазады turkystan.kz облыстық жедел штабқа сілтеме жасап.

Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың жалған аккаунтында Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің кенеттен қайтыс болғаны туралы ақпарат шықты. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Төтенше жағдай режимі аясында жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушыға қылмыстық жауапкершілік жүктелетінін еске саламыз. Қазір құқық қорғау органдары тиісті шараларды қолдану үшін төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың атын жамылған жалған аккаунт иесін іздеумен айналысуда, - делінген хабарламада.

Облыстық жедел штабтың ақпаратына қарағанда, Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин жедел штабтың жиынысына қатысқан. Әкім Атырау қаласындағы су тасқынына дайындық барысы туралы кезекті баяндама жасаған.

Серіктес жаңалықтары