Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов су тасқынынан зардап шеккендерге 6,1 млрд теңге жіберді

Қаражат өмірлік маңызы бар инфрақұрылымды қалпына келтіру және үйлері су тасқыны нәтижесінде бүлінген немесе қираған адамдарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету үшін Батыс Қазақстан облысына жіберілді

Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов су тасқынынан зардап шеккендерге 6,1 млрд теңге жіберді
947

Astana Group құрамына кіретін компаниялар мен Нұрлан Смағұлов Қоры бәрін қосқанда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 6,1 млрд теңге көлемінде қаражат бөлді, деп хабарлады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Нұрлан Смағұлов қоры су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 5,6 млрд теңге мөлшерінде ақшалай қаражат бөлінгенін мәлімдеді. Қаражат өмірлік маңызы бар инфрақұрылымды қалпына келтіру және үйлері су тасқыны нәтижесінде бүлінген немесе қираған адамдарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету үшін Батыс Қазақстан облысына жіберілді.

Қазақстан өңірлеріндегі ауқымды тасқын еліміз үшін нағыз сын-қатер болды. Қазақстандықтар ТЖ кезінде бірігіп, қиындыққа тап болған адамдар мен жануарларға көмек көрсете отырып, өздерін жақсы жағынан танытты. Су тасқыны жағдайы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. Біздің компанияларымыздың тобы зардап шеккен өңірлерге ақшалай қаражат аударып, гуманитарлық көмек жіберіп, қиын-қыстау кезеңде алғашқы күндерден бастап ат салысты. Біз жаңалықтарды мұқият қарап жүрміз, қазір су шегініп жатыр және жағдай тұрақтанады деп үміттеніп айтамыз. Бірақ алда адамдарды қалыпты өмірге қайтару бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Біз Қорымыз арқылы 5,6 миллиард теңге бөлуді шештік. Бұл қаражат қазақстандықтардың игілігіне жұмсалсын, – деді кәсіпкер әрі меценат Нұрлан Смағұлов.

Серіктес жаңалықтары