21 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Елімізде жел күш алады, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, оңтүстік өңірде дауыл болады деп күтіледі

21 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Ашық дереккөз
602

"Қазгидромет" мамандары 21 сәуірде Қазақстан бойынша ауа райы қандай болатынын айтып, болжам жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Елімізде жел күш алады, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, оңтүстік өңірде дауыл болады деп күтіледі.

Республикамыздың басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болады, соған сәйкес жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек күндіз Қазақстанның оңтүстік-батысында және қиыр солтүстігінде аздап жаңбыр жауады деп күтіледі. Сондай-ақ республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады деп болжанады. Қазақстан бойынша желдің күш алуы түрінде ортақ табиғи құбылыс байқалады. Қазақстанның оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады, ал солтүстігінде түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады деп күтіледі.

Серіктес жаңалықтары