Ақмола облысындағы су қоймалары 100% толды

Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Ақмола облысындағы су қоймалары 100% толды
sputnik.kz
753

Ақмола облысындағы Астана және Сілеті су қоймалары 100% толды, деп хабарлады turkystan.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

«Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы, өңірде су тасқыны жалғасып жатыр. Сергеев су қоймасы бөгетінің жотасынан судың асу биіктігі 3,6 метр. Осы сағатқа Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі- 1270 см, ол бір тәулікте 4 см-ге төмендеді. Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді», - делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші шамамен 81%.

«Абай облысында Шүлбі су қоймасы 63%-ға толды. Өңірде су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына бүйірлік ағындардың ұлғаюына байланысты табиғатты қорғау іс-шараларына су жіберу жалғасуда. Ертіс каскадының су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.   Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 86%. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 98,5%-ға толы. Олардың барлығы да штаттық режимде жұмыс істейді», - делінген хабарламада.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%.

«Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп жатыр. ШҚО мен БҚО-дан басқа барлық өңірлерде су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары