Poetry Camera AI: Түсірілген суретті өлең қылып шығаратын фотоаппарат таныстырылды

Poetry Camera оларды чекке ұқсайтын қағазға басып шығарады.

Poetry Camera AI: Түсірілген суретті өлең қылып шығаратын фотоаппарат таныстырылды
сурет: techcrunch.com
960

Бағдарламаушылар Келин Кэролин Чжан мен Райан Мэтер Рoetry Camera AI камерасын таныстырды. Бұл камера түсірілген суреттерден өлең шығаратын алғашқы құрылғы, деп хабарлайды techcrunch.com.

Энтузиастар GPT-3 шыққан кезде осы жобаны әзірлей бастаған. Құрылғының негізі - Raspberry Pi, ал камера суретке түсіреді және өлең шығару үшін GPT-4-ке жүгінеді..

Raspberry Pi визуалды деректерді талдау үшін компьютерлік қырағылық алгоритмдерін қолданады. Содан кейін AI модельдері кадрдағы негізгі элементтерді, түстерді, үлгілерді және эмоцияларды анықтау арқылы кескінді өлеңге айналдырады. Бұл ақпарат өлең жазу процесінің негізі саналады. Poetry Camera оларды чекке ұқсайтын қағазға басып шығарады.

Серіктес жаңалықтары