«QazaqGaz» бен «ҚазТрансГаз Аймақ» заңсыз ақша жинауды тоқтатар емес – депутат

Жоғарғы Сот шешімі шықса да, Қазақстанның өзге өңірлерінде заңсыздық жалғасуда, бірыңғай тәртіп жоқ, зардабын қарапайым халық пен кәсіпкерлер көріп отыр.

«QazaqGaz» бен «ҚазТрансГаз Аймақ» заңсыз ақша жинауды тоқтатар емес – депутат
сурет: parlam.kz / Жаслан Жумабеков
868

Мәжіліс депуаты Темір Қырықбаев «QazaqGaz» және «ҚазТрансГаз Аймақтың» тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқығын бұзып отырғанын айтып, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға сауал жолдады. Мұндай жағдай Түркістан, Қызылорда, Жетісу облыстары мен Астана, Шымкент қалаларының  тұрғындарына табиғи газ қосудағы заңсыздықтарға қатысты болған.

Ал, бұл жағдайға байланысты «Бірлік газ» Қауымдастығының шағымы негізінде Жоғарғы Сот шешімі арқылы газға қосу тәртібін реттеуге (пуск-подключения) қол жеткізілді, яғни, Заңға сай тегін жүзеге асыруда. Яғни, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ техникалық шарт формасы қолданыстағы заңға сәйкестендірілді.

Осы Жоғарғы Сот шешіміне дейін техникалық шарт беру заңдылығы – Қазақстан Республикасы «Табиғи монополиялар туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 05.01.2021ж. №2 бұйрығымен газбен жабдықтау саласындағы желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысаны бекітілсе де, «QazaqGaz» ҰК» АҚ мен «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы бұл талапты сақтамай, өз ойларына келген заңсыз талаптарды мәжбүрлеп тұтынушылар мен кәсіпкерлерге төлетіп отырған. Жоғарыда аталған  облыстар мен қалалардан басқа аймақтарда әр абоненттен орта есеппен 20 мың мен 40 мың теңге арасында қаржы талап етіп, төлеткен, - дейді депутат.

Тек Түркістан облысы бойынша қысқа ғана мерзімге есептелген заңсыз алынған сома 125 млн теңге. Ал, Заң талаптарына сай соңғы 3 жылды есептегеннің өзінде миллиардттаған заңсыз алынған қаржы қайтарылуға жатады. Ал, аталған Заңның 26-бабына сай монополия субъектілеріне қосымша талап белгілеуге тыйым салынған. Бірақ, Жоғарғы Сот шешімі шықса да, Қазақстанның өзге өңірлерінде заңсыздық жалғасуда, бірыңғай тәртіп жоқ, зардабын қарапайым халық пен кәсіпкерлер көріп отыр.

Кәсібін бастамай жатып мұндай кедергілерге ұшыраған кіші кәсіпкерлер кәсіпкерлікті бастамай жатып тоқтатуға немесе заңды бұзу арқылы жасырын жұмыс жүргізуге мәжбүр. Газға қосу тәртібі (пуск-подключения) бойынша – Қазақстан Республикасы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 24-бабына сай газға тұтынушыны қосу газ таратушы мекеме өз есебінен тегін жүзеге асыру тиіс болса,  «QazaqGaz» ҰК» АҚ мен «КазТрансГаз Аймақ» АҚ бұл қызмет үшін заңсыз қаржы жинауды тоқтатар емес, негізсіз және заңсыз қаржы жинауда. Бірнеше жылдар бойы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы тарапынан болып жатқан заңсыздықтарды барлық құзіретті органдардың назарына жеткіздік, алайда, осы күнге дейін бір шешімі болған жоқ дейді халық. Осындай келеңсіздіктерге тосқауыл қашан болар екен? - деді депутат.

Серіктес жаңалықтары