Қуандық Бишімбаевтың қайғылы оқиға болған күні түсірген видеолары тексерілді

Марқұмның ағасы Айтбек Амангелді судьядан Қ. Бишімбаевтың телефонындағы зорлық-зомбылық көріністерін көпшілікке көрсетпеуді сұрады.

Қуандық Бишімбаевтың қайғылы оқиға болған күні түсірген видеолары тексерілді
1816

Бүгінгі сот отырысында судья Айжан Көлбаева қайғылы оқиға болған күні сотталушы Қуандық Бишімбаевтың марқұм Салтанат Нүкенованы телефон камерасына түсіргенін мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бейнежазба көпшілікке көрсетілген жоқ. Оны тек судья мен мемлекеттік айыптаушылар бастаған бірқатар сот қатысушысы ғана көрді.

Видеода Қуандық Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкеноваға бұрынғы қарым-қатынасына байланысты балағат сөздер айтқан. Ал Қ.Бишімбаев бұл видеоларды "монтаж" деп атады. 

Айтбек Амангелді жантүршігерлік кадрларды көріп отырып көз жасын тия алмады. 

 

Серіктес жаңалықтары