Мұрат Нұртілеу АТМЭӘК-ке мүше мемлекеттерді Astana Hub-пен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға шақырды

Қазір Қазақстанда Google, Microsoft, Huawei және басқа да көптеген компанияларды қоса алғанда, 900-ден астам компания табысты жұмыс істеп жатыр.

Мұрат Нұртілеу АТМЭӘК-ке мүше мемлекеттерді Astana Hub-пен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға шақырды
СІМ
982

Қазақстан қаржытех саласын дамыту бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына кіреді. Мұның нақты үлгісі – «Астана» халықаралық қаржы орталығы. Қазақстан электрондық үкімет қызметтерін ұсыну бойынша әлемде 28-ші және онлайн қызметтердің сапасы бойынша 8-ші орында, деп хабарлайды turkystan.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азия және Тынық мұхиты үшін БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік комиссияның (АТМЭӘК) 80-сессиясында сөз сөйлеген ҚР Премьер-министр орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АТМЭӘК-ке мүше мемлекеттерді Орталық Азиядағы IT саласындағы ең ірі стартап-паркі – Astana Hub-пен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға шақырды. Қазір Қазақстанда Google, Microsoft, Huawei және басқа да көптеген компанияларды қоса алғанда, 900-ден астам компания табысты жұмыс істеп жатыр.
Цифрлық шешімдер көліктік өзара байланысты дамытуда маңызды рөл атқаратынын ескере отырып, қазақстандық дипломат өңір елдері арасындағы үйлестіруді күшейтуге және транзит секторындағы бірыңғай ережелер мен стандарттар туралы АТМЭӘК-тің жаңа конвенциясын қабылдауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары