1301
23 сәуір – дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні
1995 жылы Парижде өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында бұл күн жазушыларға және олардың шығармаларына құрмет көрсету және кітаптарды қолжетімді ете түсу мақсатында таңдалған.
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні кітап пен оқуға деген ынтаны арттыруға бағытталған мереке саналады. Жыл сайын 23 сәуірде бұл мерекені бүкіл әлем атап өтеді.
23 сәуір – әлем әдебиетіндегі символикалық күн. Дәл осы күні бірнеше көрнекті автор – Уильям Шекспир, Мигель де Сервантес және Инка Гарсиласо де ла Вега өмірден өткен. 1995 жылы Парижде өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында бұл күн жазушыларға және олардың шығармаларына құрмет көрсету және кітаптарды қолжетімді ете түсу мақсатында таңдалған.
Әлемдегі ең алғашқы авторлық құқық туралы заң 1710 жылы Англияда қабылданған. Авторлық құқық кез-келген шығармашылық түрінің ажырамас бөлігі саналады.