Абай облысында аудан әкімі тұрғыннан 1 теңге моральдық шығын өндіріп алды

Әкім аудан тұрғынын сотқа беріп, ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау бойынша істе жеңіп шыққан.

Абай облысында аудан әкімі тұрғыннан 1 теңге моральдық шығын өндіріп алды
сурет: Zakon.kz
688

Абай облысы Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратов аудан тұрғынын сотқа беріп, ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау бойынша істе жеңіп шыққан, деп хабарлайды Абай облысының соты.

Абай облысы Бесқарағай аудандық сотымен талап қоюшы Бесқарағай ауданының әкімі Т.Муратовтың ар-намысы мен қадір-қасиетін, іскерлік беделін қорғау және моральдық шығынды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды. Жауапкер К. өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында талап қоюшының мемлекеттік қызметші бола тұра,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен Мемлекеттік қызметшілердің «Әдеп кодексі» талаптарын бұзғандығы жөнінде ақпарат берген Г. азаматының сұхбатын жариялаған, - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, сотта жауапкерлер таратылған мәлімдеменің шындығын растайтын қандай да бір дәлел келтіре алмаған.

Осыған байланысты, соттың шешімімен жауапкер Г. азамат таратқан ақпарат шындыққа жанаспайтыны және талап қоюшының абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның іскерлік беделін түсіретін көрінеу жалған мәлімет таратқан деп танылып, жауапкерлер таратқан ақпараттарының жалғандығын және шындыққа сәйкес келмейтіні жөнінде жалпыға бірдей мәлімет жариялау міндеттелді, - деп мәлімдеді облыс соты.

Осылайша, шағымданушы аудан әкімі сот шығынын және 1 теңге көлеміндегі моральдық шығын өндіріп алған.

Сондай-ақ, жауапкер Г. азаматынан талап қоюшы Т.Б.Муратовтың пайдасына келтірілген моральдық зиян үшін 1 (бір) теңге ақшалай өтемақы және сот шығындары өндірілді, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары