Оралда анасын өлтірген тұрғынға қатысты сот үкімі шықты

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Оралда анасын өлтірген тұрғынға қатысты сот үкімі шықты
baq.kz/Бауыржан Жуасбаев
1307

Анасын өлтірген оралдыққа сот үкімі шықты, деп хабарлады turkystan.kz  Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

БҚО сотының баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға былтыр қарашада болған. Мас адам анасымен жанжалдасқан. Жанжал кезінде аңшылыққа шығатын пышағын анасының кеудесіне сұғып алған. Әйел алған жарақатынан сол жерде қаза тапты.

«Прокурор айыпталушыға 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарап жаза тағайындау мәселесін соттың қарауына қалдырды. Қорғаушы тарап сотталушыға ең төменгі жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді», - деп түсіндірді соттағылар.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының «Кісі өлтіру» санкциясы бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді.

Сот айыпталушыға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары