ШҚО тұрғыны жасырын түрде енесінің атынан несие алып отырған

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

ШҚО тұрғыны жасырын түрде енесінің атынан несие алып отырған
ntime.kz
596

ШҚО-да келіні енесінің атына заңсыз несие рәсімдеген, деп хабарлады turkystan.kz.

Зайсан полиция бөліміне 67 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Оның айтуынша, келіні оның атына жасырын түрде 2,5 миллионнан астам несие рәсімдеген.

«Белгілі болғандай, өткен жылы оның келіні телефонына банктік қосымша орнатқан, сол қосымша арқылы зейнеткердің шотына кіруге мүмкіндігі болған. Былтыр желтоқсан айынан осы жылдың қаңтар айына дейін жұмыссыз қалған бойжеткен қосымшаның көмегімен енесінің атына үш несие рәсімдеп, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған», - делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Жәбірленуші сәуір айында әдеттегіден әлдеқайда аз зейнетақы алғанан кейін мән-жайдың себебін іздей бастаған. Белгілі болғандай, банк оның зейнетақысынан өзі білмейтін несиелер үшін ақшалай қаражатты ұстап қалған.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті мүлкін тәркілеумен, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
 

Серіктес жаңалықтары