«Балконнан кірген»: Ақтөбеде ер адам кездесіп жүрген қызын пышақтап кеткен

Ер адам қыздың көлігін айдап әкеткен.

«Балконнан кірген»: Ақтөбеде ер адам кездесіп жүрген қызын пышақтап кеткен
Sputnik / Владислав Воднев
1119

Ақтөбеде дәрігер болып қызмет етіп жүрген қыз жігітінің қолынан қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұм 9 жыл бойы медициналық университетте білім алып, эндокринолог болып жұмыс істеп келген екен. Алайда оның жігіті қыр-соңынан қалмаған көрінеді. Кеше балкон арқылы үйге кіріп, қызды пышақтап кеткен. 

Туысқандарының сөзінше, мұнымен қоймай, ер адам оның көлігін айдап әкеткен. Салдарынан қаскөй жол апатына түсіп, құқық қорғау органдарына ұсталған.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерекке сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Серіктес жаңалықтары