Теміртаулық оқушы жарылғыш зат туралы жалған хабар таратқан

Жасөспірімнің айтуынша, ол жай ғана «әзілдеген».

Теміртаулық оқушы жарылғыш зат туралы жалған хабар таратқан
osken-onir.kz
650

Теміртауда өз мектебін «миналаған» жасөспірім сотталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Өткен жылдың 6 желтоқсанында Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасына белгісіз біреу қоңырау шалып, қала мектептерінің бірінде жарылғыш құрылғы қойылғанын хабарлаған. Мектептен оқушылар мен оқытушылар шұғыл түрде эвакуацияланды. Тексеру кезінде полицейлер жарылғыш зат таппады.

«Теміртау қаласының ПБ экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері «минерді» анықтап, ұстады. Ол сол мектептің 15 жастағы оқушысы болып шықты. Ол сыныптасының ұялы телефонын пайдаланып, дабыл қаққан», - делінген хабарламада.

Жасөспірімнің айтуынша, ол жай ғана «әзілдеген».

«Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аяқталғаннан кейін барлық материалдар соттың қарауына жіберілді. Мемлекеттік айыптаушының ұсынысы бойынша сотталушының жасын және оның өкінуін ескере отырып, мәміле түрінде іс жүргізу келісімі жасалды. Үкім шығарылды - бір жыл бас бостандығын шектеу», - делінген хабарламада.

Сотталған адамға сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін тұрақты тұратын жерінен шықпау, пробация қызметтеріне хабарламай тұрғылықты жерін, жұмысын, оқу орнын ауыстырмау міндеттері жүктелді.

«Сондай-ақ оған ойын-сауық орындарына, түнгі клубтарға, барларға, кафелерге, мейрамханаларға, ойын мекемелеріне және алкогольдік өнімдер сататын мамандандырылған дүкендерге баруға тыйым салынады.Сондай-ақ қоғамға жат өмір салтын ұстанатын адамдармен қарым-қатынасты болдырмау қажет», - делінген хабарламада.

Осы шектеулер бұзылған немесе жаңа заңсыз әрекеттер жасалған жағдайда шартты мерзім нақты мерзімге ауыстырылуы мүмкін.
Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары