697
Голливуд жұлдыздарымен жұмыс істеген атақты дизайнер түрмеге қамалды
71 жастағы Гонсалес осы аптада Майами сотында кінәсін мойындады.
Голливуд жұлдыздарымен жұмыс істеген атақты дизайнер Нэнси Гонсалес қолтырауыннан тігілген сөмкелерді контрабандалық жолмен өткізгені үшін 18 айға түрмеге жабылды, деп хабарлайды euronews.com.
Колумбиялық дизайнер Нэнси Гонсалес Сальма Хайек, Бритни Спирс және Виктория Бекхэм сияқты танымал адамдар ұстаған сәнді сөмкелерімен, сондай-ақ актрисалығымен және 2008 жылы Нью-Йорк Метрополитен Өнер Мұражайында өткен көрмесімен танымал.
71 жастағы Гонсалес осы аптада Майами сотында кінәсін мойындады. Гонсалестің адвокаттары атақты дизайнерге жеңілдік қарастырып, оны жалғызбасты ана ретінде көрсетуге тырысқан.
Ол 18 айға бас бостандығынан айырылды.