750
Төрт облыста республикалық маңызы бар 8 автожол жабылды
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
Еліміздің 4 облысында (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолында көлік қозғалысы шектелді.
Сағат 09:00-дағы жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 2 облыста (СҚО, Қостанай) 4 автожолда жалпы ұзындығы 4300 метр болатын су тасқыны болды.
4 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында (ұзындығы 463 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазір республикалық жолдарда 417 бірлік техника мен 896 адам жұмылдырылған.