1086
Аса қуатты магниттік дауыл болуы мүмкін: NASA күн бетінде жарылыс болғанын мәлімдеді
Мұндай жарылыстар "симпатикалық күн алаулары" деп аталады.
23 сәуірде Күн бетінде бірнеше үлкен жарылыс байқалды. NASA-ның Күн Динамикасы Обсерваториясы (SDO) оны бейнетаспаға түсірген.
Жарылыс төрт аймақтан, үш күн нүктесінен және бір магниттік жіптен пайда болды, олар жүздеген мың мильге бөлініп, тәж деп аталатын күннің сыртқы атмосферасындағы көрінбейтін магниттік ілмектермен байланысқан. Мұндай жарылыстар "симпатикалық күн алаулары" деп аталады, - деп жазды space.com.
Осылайша, Күн бетінің жерге қараған бөлігінде болған үлкен жарылыс 11 жылда бір рет болатын аса қуатты магниттік дауылдың басталуына ықпал етуі мүмкін екені де айтылған.