851
Лувр "Мона Лизаны" жертөлеге көшірмек
"Мона Лиза" – жыл сайын он миллионға жуық көрермен тамашалайтын әлемдегі ең танымал өнер туындысы саналады.
Лувр "Мона Лизаны" жертөлеге көшіруі мүмкін. Бұл қадам Леонардо да Винчидің "Мона Лизасына" көбірек орын беру үшін жасалмақ, деп жазды euronews.com.
"Мона Лиза" – жыл сайын он миллионға жуық көрермен тамашалайтын әлемдегі ең танымал өнер туындысы саналады.
Шынында да, Луврға келушілердің "Мона Лизаны" тамашалауға орта есеппен 50 секунд уақыты бар, ол Атом залының ортасында тосқауыл мен оқ өтпейтін әйнектің ішнде орналасқан (әйнек 1950 жылдары шабуылдан қорғау үшін орнатылған).
Осылайша, кеңістік тар болғандықтан, келушілерге Мона Лизаны көру қиынға түседі.
Ақпаратқа сүйенсек, картинаның жалғыз өзі бір бөлмеге орналастырылуы мүмкін.