FlyArystan компаниясының президенті қызметінен кетті

Air Astana тобының бас атқарушы директоры Питер Фостер кадрлық өзгерістерге қатысты түсініктеме берді.

FlyArystan компаниясының президенті қызметінен кетті
flyarystan.com
773

FlyArystan компаниясының президентi Адриан Хэмильтон-Маннс отбасылық жағдайға қатысты компаниядан кетіп, Оңтүстік Африкаға оралу туралы шешім қабылдағанын мәлім етті. 

«Ричард Леджер 20 мамыр дүйсенбіден бастап FlyArystan және Air Astana тағайындаулар комитеті мен директорлар кеңестерінің жарғылық ережелеріне сәйкес және міндетті реттеу рәсімдеріне сәйкес тұрақты тағайындауға дейін президент міндетін атқарушысы болып тағайындалады. Хэмильтон-Маннс мырза мамыр айының соңына дейін FlyArystan-да болып, істер мен қызметін Леджер мырзаға тапсырады», - делінген хабарламада.

Хэмильтон-Маннс FlyArystan компаниясына 2020 жылы келген. Оның басқаруымен компанияның кірісі 2020 жылғы 57,4 млн АҚШ долларынан 2023 жылы 277,8 млн АҚШ долларына дейін 384%-ға өсті. Осының арқасында FlyArystan әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан әуекомпаниялар қатарына қосылды. 

Air Astana тобының бас атқарушы директоры Питер Фостер кадрлық өзгерістерге қатысты түсініктеме берді.

«Адрианның компаниядан кету туралы шешімін өкінішпен қабылдадық, бірақ бұл шешім Қазақстан мен жанұясы тұратын Оңтүстік Африка арасындағы қашықтыққа байланысты отбасылық себептермен туындағанын түсінеміз. 2020 жылдан бері FlyArystan стартаптан 19 ұшақ паркі бар, кірісі айтарлықтай жоғары, географиялық қамту жағынан да дамыған әуекомпанияға айналды. Адрианға 4 жылдық басшылық кезіндегі жетістіктері үшін алғыс айтып, оған бар жақсылықты тілейміз. Топ басқару құрамымен ерекшеленеді және біз Ричард Леджердің FlyArystan президентінің міндетін атқарушысы ретінде Қазақстанға оралғанына қуаныштымыз. 2009 жылдан 2022 жылға дейін Ричард Топтың өсуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарды. Ричард FlyArystan-ның тиімді өсуін жалғастыратынына сенімдіміз», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары