Павлодар маңында жасөспірім тоққа түсіп, көз жұмды

Жасөспірім Павлодарда тұрған, сол күні әжесінің үйіне қонаққа келген.

Павлодар маңында жасөспірім тоққа түсіп, көз жұмды
egemen.kz
751

Павлодарға қарасты ауылда ток соққан жасөспірім көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.

Қайғылы оқиға 12 сәуірде Мойылды ауылында болған.

«Мекенжайға жеткен дәрігерлер 40 минут реанимациялық іс-шаралар жасаған, алайда 2007 жылы туған жасөспірімді құтқара алмады»,– деді жедел жәрдем станциясында.

Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде оқиғаның мән-жайы түсіндірілді. 

«12 сәуірде сағат 19:00 шамасында Мойылды ауылында Ұлы Дала көшесінде орналасқан төртінші трансформаторлық қосалқы станцияда қайғылы жағдай болды. 17 жастағы бала электр тоғы соғып, көз жұмды»,– деді баспасөз қызметінде. 

Жасөспірім Павлодарда тұрған, алайда сол кезде әжесінің үйінде қонақта жүрген.

Облысты полиция департаменті сот-медициналық сараптама тағайындалғанын және оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатынын мәлім етті.

Серіктес жаңалықтары