Степногорск қаласында банк директоры мен кассир 255 миллион теңге жымқырған

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Степногорск қаласында банк директоры мен кассир 255 миллион теңге жымқырған
tengrinews.kz
777

Степногорск қаласындағы екінші деңгейдегі банк бөлімшесінің директорыы мен кассир сөз байласып, банктің ақшасын жұмқырған, деп хабарлады turkystan.kz.

«2022 жылғы қараша-желтоқсан айларында кассир директор «Ш.»-ның нұсқауы бойынша 1 млн, 3 млн, 8 млн теңге ақша сомаларын банктің қоймасынан алып, «Ш.»-ға тұрақты түрде беріп отырған. «Ш.» ақшаға арналған пакеттер мен сөмкені алдын ала дайындап, содан кейін оны банк ғимаратынан шығарған», - делінген Степногорск қалалық сотының хабарламасында.

Тексеру актісі көрсеткендей, банк бөлімшесінде жетіспеушілік сомасы 255 млн. астам теңге құраған.

Сотталушылардың кінәсі тексеру актісімен, аудиторлық есеппен, ақшаның жетіспеуі туралы сараптама қорытындысымен, куәгерлердің айғақтарымен, сотталушылардың өздері мойындаған айғақтарымен, банктің бейнебақылау камераларынан жазбалармен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

«Осылайша, «Ш.» және «К.» сөз байласып, қызметтік бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде жымқыру жасады (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы). Жаза тағайындауда сот, «Ш.»-нің өз кінәсін мойындағаны, «К.»-нің жасы мен оң сипаттағы мінездемесін жеңілдететін жағдайлар деп және ауырлататын жағдайлардың болмауын есепке алды», - делінген хабарламада.

Сот үкімімен «Ш.» және «К.» әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сотталушылар ұйымдар мен мекемелерде 5 жылға материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Келтірілген залалды өндіріп алу бөлігінде жәбірленушіге сотқа азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен жүгіну құқығы түсіндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Серіктес жаңалықтары