Атырау облысында өртенген пәтерден 2 баланың денесі табылды

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Атырау облысында өртенген пәтерден 2 баланың денесі табылды
qazaquni.kz
1005

Атырау облысында пәтерден өрт шығып, екі бала көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

Atpress.kz сайтының мәліметінше, 25 сәуірде сағат 05:37 минутта Индер ауданы Индербор кенті Махамбет көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде аталған мекен-жайдағы бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан пәтердің толықтай жанып кеткенін анықтады. Бұл туралы Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті.

«Өрт кезінде үйдің жатын бөлмесінен 2014 жылы туған Н. Д. және 2017 ж.т. Ж.Д. өлі денелері табылды. Сондай-ақ, анасы 1995 ж.т. Н. С. және азаматтық некедегі жолдасы 1994 ж.т. Д.Б. ес-түссіз күйде табылып, аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне «103» қызметкерлерімен жеткізілді», - делінген хабарламада.

Өрт сағат 06:02-де  оқшауланып, сағат 06:10-да  толықтай жойылды. Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында Атырау қаласынан өрт-зерттеу зертханасы жұмыс істеуде.

Серіктес жаңалықтары