Елімізде енді білім беру ұйымдары ескертусіз тексеріледі

Аталған норма балалардың құқықтары бұзылған жағдайда тексеруге дайындалу мүмкіндігін болдырмайды.

Елімізде енді білім беру ұйымдары ескертусіз тексеріледі
dauletten.kz
1069

Енді еліміздің білім беру ұйымдарында жоспардан тыс тексерулерді алдын ала ескертусіз жүргізуге болады, деп хабарлады turkystan.kz.

Сәуір айында әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңға қол қойылды.

«Заң шеңберінде жоспардан тыс тексерулер жүргізу тәртібі өзгертіледі. Енді еліміздің білім беру ұйымдарында жоспардан тыс тексерулерді субъектіні алдын ала хабардар етпей және тексеру тағайындау туралы актіні тіркеусіз жүргізуге болады», - делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.
 

Аталған норма балалардың құқықтары бұзылған жағдайда тексеруге дайындалу мүмкіндігін болдырмайды. Мұндай фактілерге мемлекеттік органдар тарапынан жедел реакция осы бұзушылықтарды анықтауға және болашақта осындай жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

 

«Балалардың құқықтарын қорғау мақсатында Балалардың құқықтарын қорғау комитеті білім беру ұйымдарына тұрақты негізде тексерулер жүргізеді. Жақында жүргізілген тексеру барысында Ақтөбе облысында екі мектептің 1-4 сынып оқушыларын және халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасыларынан шыққан балаларды тегін тамақпен қамтамасыз етуде бұзушылықтар анықталды», - делінген хабарламада.
 

Талаптарды орындамаған лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік шаралар қабылданды. Бүгінгі күні бұл бұзушылықтар жойылды.
Айта кетсек, осы сынды іс-шаралар республика бойынша жаңа нормаларға сәйкес жалғасатын болады.

Серіктес жаңалықтары