Меруерт Түсіпбаева Бишімбаевтың бұрынғы әйелін сынға алды

Қазақ эстрадасының жұлдыздары Қуандық Бишімбаевтың төңірегіндегі жаңалықтарға үн қоса бастады.

Меруерт Түсіпбаева Бишімбаевтың бұрынғы әйелін сынға алды
коллаж: turkystan.kz
1825

Әнші Меруерт Түсіпбаева істі болған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарманды сынға алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесі Назым Қаһарманның бұрынғы күйеуі жайлы сұхбат беріп жүргенін жақтырмай қалған.

"Бұл әйелді ең бірінші рет теледидардан, Бишімбаевтың мемлекеттен қаржы жымқырды деп күдікке ілінгенінде көрген едім. Сонда, білімділігін бөлек қойғанда, күйеуіне деген адалдығы тәнті еткен еді. Бүкіл әлем қарсы шыққанда, қарлығаштың қанатымен су сепкендей, жан-тәнімен жұбайын, балаларының әкесін, сүйіктісін қорғап, жан ұшырғаны…Салтанаттың трагедиясынан кейін, әр жерде бір жылтыңдап, сұхбат беріп, өйтіп еді, сөйтіп еді, ал мен мықтымын, тірі қалдым дегендей сайрап... Бұған дейін өзі жайлы қалыптасқан ойымды 100 % өзгертті", - деп жазды әнші.

Әншінің айтуынша, Бишімбаевтың бұрынғы әйелі отбасындағы жағдайды ертерек мәлімдегенде бүгінгідей жағдайлар болмас еді.

"Егер бұл әйел өзі ажырасып жатқан кезеңде, дәл казіргідей жанайқайын қоғамға жеткізіп ашық айтқанда Салтанат тірі болар ма еді деген ойлар келеді. ”Ақсақ қой түстен кейін маңырай ма?!”. Бояуы сіңгенде, бәлен жыл тұрып, 3 бала туған еркекті жамандағаннан кімге пайда бар?! Ол қандай болса да, балалардың әкесі болып қалады! Күлге аунап тумады ғой. Бұл жайтты өзгерту мүмкін емес! Балаларының тегі-қаны соныкі! Дау өршіп тұрған дәл казіргі уақытта, өз басым, ана ретінде, балаларымның жан тыныштығы үшін, үндемей отырар едім. Әттең-ай. Бұлай танымал болмай-ақ қойсақ...", - делінген танымал әншінің жазбасында.

Серіктес жаңалықтары