1029
Елімізде қай қаланың тұрғындары ұзақ өмір сүретіні анықталды
Қалалық жерлерде өмір сүру ұзақтығы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 2023 жылы 75,09 жасты құрады, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды. Айта кетсек, көрсеткіш ұзақ мерзімді өсімнен кейін 2020-2021 жж. пандемия кезінде төмендеп, одан кейін қайта қалпына келген.
Қалалық жерлерде өмір сүру ұзақтығы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 75,73 және 74,02 жылдан.
Гендерлік бөліністе әйелдердің өмір сүру ұзақтығы да артып, 79,06 жасты құрады (2022 ж. – 78,4), ерлер арасында бұл көрсеткіш 70,99 жас (2022 ж. – 70,2 жас).
«Халықтың өмір сүру ұзақтығы Алматы қаласында ең жоғары – 78,28 жас, ал ең төмені Ұлытау облысында – 72,41 жас», - делінген хабарламада.