Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды – ҰҚК

Ұсталған адамға қатысты сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды – ҰҚК
azattyq-ruhy.kz
801

17 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттар өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады turkystan.kz.

Тінту барысында шамамен 35 кг синтетикалық есірткі, 500 литр прекурсорлар және зертханалық жабдық алынды.

«Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Ұсталған адамға қатысты сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Серіктес жаңалықтары