696
Густав Климттің жоғалып кеткен картинасы аукционда қыруар ақшаға сатылды
Суреттің жаңа иесі өз аты-жөнін құпия сақтауды жөн көрген.
Аустрия суретшісі Густав Климттің "Лизер бикештің портреті" атты картинасы Венада өткен аукционда 30 миллион еуроға сатылды. Суреттің жаңа иесі өз аты-жөнін құпия сақтауды жөн көрген.
Аустрия суретшісі Густав Климтітң 100 жылға жуық уақыт бойы қайда екені белгісіз болып келген картинасы Венадағы аукционда сатылды. Картина соңғы рет 1925 жылы аукционға қойылған. Содан бері оның иесі бірнеше рет өзгерді. Бірақ олардың бәрі беймәлім болып келді. Осы себепті ол "жоғалған картина" ретінде белгілі болды.
"Лизер бикештің портреті" атты аяқталмаған картинаның кейінгі иесі де сол дәстүрді жалғастырып отыр.