«Таң атпай үйге қонақ келеді»: Әнші Бақыт Шадаева ауылға қоныс аударды (ВИДЕО)

Бақыт Шадаева ауылға көшіп кеткенін айтты.

«Таң атпай үйге қонақ келеді»: Әнші Бақыт Шадаева ауылға қоныс аударды (ВИДЕО)
1525

Әнші жарты жылдан бері ауылдық жерде тұрып жатыр. Бұл жайында өнер иесі "Оян" бағдарламасының тележүргізушісіне берген сұхбатында баяндап берді, деп хабарлады turkystan.kz.

"Ауылға көшкеніме жарты жыл болды. Көшуді өзім қаладым. Баяғыдан ауылда тұруды армандайтынмын. Осыған дейін ауылда тұрған емеспін. Тамаша сезімде жүрмін. Жер үйге көштік. "Мына жақта Бақыт қыз бар" деп келетін қонақтарға қуанамын. Ауламыз, бақшамыз бар. Таңымыз ерте басталады. Ауылда таң атпай үйге қонақ келеді. Сол үшін таңғы 6:00-де ұйқыдан оянып, шелпек пісіреміз. Жуынамыз да, асханаға жүгіреміз. Күнде қонақ келеді. Үлкен апалардан бастап, қолымнан шай ішіп кетеді. "Сол кісілер келеді" деп, шайымды дайындап отырамын", - деді Бақыт Шадаева. 

Серіктес жаңалықтары