Ақтауда төрт жастағы бала 5-қабаттан құлап кеткен

Бала оқиға орнында қайтыс болды.

Ақтауда төрт жастағы бала 5-қабаттан құлап кеткен
Pixabay
892

Жазатайым оқиға 25 сәуір күні кешке 17 шағын ауданда болды. Төрт жастағы бала көпқабатты үйлердің біріндегі бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бала оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Оқиға куәгерлері жазатайым оқиға сағат 18:00 шамасында, 17 шағын ауданындағы «Дукат» тұрғын үй кешенінде болғанын мәлім етті.

«Бала жарақаттарынан оқиға орнында алған көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары