«Кейде ренжисің»: Нұрлан Қоянбаев киносын сынға алатындарға жауап берді

Өнер иесі отандық киноны сынаудың орнына, барынша қолдау көрсетуге шақырды.

«Кейде ренжисің»: Нұрлан Қоянбаев киносын сынға алатындарға жауап берді
Нұрлан Қоянбаев. Фото: YouTube/ скриншот
918

Танымал актер, продюсер Нұрлан Қоянбаев комедия жанрын бағаламай, киносын сынайтындарға жауап берді. 

Өнер иесі отандық киноны сынаудың орнына, барынша қолдау көрсетуге шақырды. 

«Мен осы жерде, комедия жанрында жұмыс істеп жатқан барлық әріптесіме алғысымды білдіргім келеді. Тек кино емес, сахнаға шығып, вайн түсіріп жүргеннің бәріне қолдау керек. Текті елдің ғана комедиясы бар, мықты Франция, Англия, АҚШ, Түркия, Корея және тағы басқа. Қазақстанда комедияның дамып келе жатқаны елдің мықтылығын көрсетеді. Тек мықты елде ғана адамдар бір-бірімен әзілдесе алады. Комедия жанры басын бастап берді. Қазір шүкір басқа жанрдағы фильмдер де шығып, жақсы касса жинап жатыр», - деді Қоянбаев «Мархабат» бағдарламасында.

Кинопродюсер сыйласып жүрген жандардың да өзі жайлы жаман сөз айтатынын жеткізді.

«Комедия жанры кино саласындағы ең қиын кезеңді өтіп берді. Мұның бәрін өзіміздің қазақтар істеп отыр. Қазақтар осындай шыңға жетіп отырған кезде жоғарыда отырған ағаларымыздың біреуінен болсын жақсы сөз естиін десең, сыйлап жүргендердің өзі жаман сөз айтады. Бұған дейін сыйлап жүрген ағаларымыздың бірі "Өй, Қоянбаев деген сайқымазақ, Тұрсынбек деген сайқымазақ" деп айтыпты. Оған қарап тұрасың да кейде ренжисің», - деді актер. 

Серіктес жаңалықтары