«Семей орманы» резерватында тағы өрт болды

Табиғи өрт 0,8 га алаңда жойылды.

«Семей орманы» резерватында тағы өрт болды
Абай облысы ТЖД
668

Абай облысындағы «Семей орманы» тағы да қызыл жалынға оранды. ҚР ТЖМ мәліметінше, Бородулиха филиалының Дмитрев орманшылығындағы табиғи өрт 0,8 га алаңда жойылды.

Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД мен табиғи резерваттың күштері мен құралдары жұмылдырылды.

«Абай облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарынан орман алқабында болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды», - делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары