Алматылық жүргізушілер мереке күндері жол ережесін 500 рет бұзды

Алматылық жүргізушілер мереке күндері жол ережесін 500 рет бұзды

Алматылық жүргізушілер мереке күндері жол ережесін 500 рет бұзды
ашық дереккөзі
264
Соңғы үш күнде Алматыда 500 рет жол қозғалысы ережесі бұзылғаны. Бұл туралы  ІІД жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  Мереке күндері Алматының жол-патрульдік полициясы жолдарда, қоғамдық орындарда және көшелерде құқықтық тәртіпті орнату, сондай-ақ жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғандарды анықтау бойынша шараларды күшейткен болатын. Тәртіп сақшылары Абай, Райымбек, Төле би даңғылдары және Желтоқсан, сондай-ақ Наурызбай батыр көшелері бойынша тек қоғамдық көліктердің қозғалысына арналған белгіленген жолақтарда жергілікті жұмыстар жүргізді. Аталған көшелерге күнделікті жол-патрульдік полициясының жасақтары қойылады. «2017 жылы нарыздың 6-8 күндері арнайы жолақтарда 500 ҚР ЖҚЕ бұзылғаны анықталды. Оның ішінде, 64 жүргізуші көлік тұрағы ережесін бұзған, 252-і «аялдауға тыйым салынған» 3.27 жол белгісі талабын ескермеген болса, 184-і «кіруге тыйым салынған» 3.1 жол белгісі талабын бұзған», - деп хабарлайды қалалық ІІД жергілікті полиция қызметі.    

Серіктес жаңалықтары