Қазгидромет: Жамбыл облысында үсік жүреді

Түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік жүреді.

Қазгидромет: Жамбыл облысында үсік жүреді
pixabay
771

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова мәлім етті.

Республика бойынша жел күшейіп, елдің батысы мен солтүстігінде бұршақ жауады, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде дауыл, шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

«Түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік жүреді. Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады», - деді А. Исмагулова.

Серіктес жаңалықтары