Қалдыбек Құрманәлі өлім аузынан аман қалған сәтін айтып берді

Өнер иесі денсаулығы сыр беріп, ауруханада жатқан кезін еске алды.

Қалдыбек Құрманәлі өлім аузынан аман қалған сәтін айтып берді
You tube/скриншот
893

Белгілі сазгер, қоғам қайраткері Қалдыбек Құрманәлі «Алғашқы» бағдарламасында 2021 жылы жүрегіне күрделі ота жасатқаны жайлы мәлім етті.

«Ауруханада дәрігер келіп «үш күннен кейін жасаймыз... екі күн қалды» деп айтып тұрды. Ол маған «ажалыңа екі күн қалды» дегендей естілді. Бір палатада жалғыз өзім жаттым. Тірі қалуым бірінші Құдайдың, екінші осы дәрігерлердің арқасы ғой. Ота алдында бір-ақ нәрсе ойладым, ол менің Құтжол деген итім еді. Құтжолға кезінде «саған ескерткіш қоям» деп уәде беріп едім. Егер олай-бұлай боп кетсе Құтжолға кім ескерткіш қояды деп уайымдадым. Сосын балаларыма хат жаздым. «Мен кетіп жатсам, жұрттың қарсылығын қарамай, ауылда Құтжолға ескерткіш қойыңдар» деп айттым. Балаларымның болашағын уайымдамадым. Бәлкім менің кетіп қалғаным оларға кішкене еркіндік сыйлайтын шығар, себебі оларға қатал әке болдым. Тек қызымды ғана ойладым. Қазір қызыма «сен үшін тірі қалдым» деп айтып отырамын», – сазгер.

Серіктес жаңалықтары