Қазақстандық оқушылар математикадан 41-ші Балқан олимпиадасында бақ сынайды

Олимпиадаға 22 елден 130-дан астам оқушы қатысуда.

Қазақстандық оқушылар математикадан 41-ші Балқан олимпиадасында бақ сынайды
Оқу-ағарту министрлігі
860

Варна қаласында (Болгария) математикадан 41-ші Балқан олимпиадасы (BMO) басталды. Олимпиадаға 22 елден 130-дан астам оқушы қатысуда.

Қазақстан құрамасының намысын 6 оқушы қорғайды:

  • Мирон Юркевич – Халықаралық Haileybury Almaty мектебінің 12 сынып оқушысы;
  • Даутов Жан – Қостанай қаласы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
  • Шарел Марғұлан – Жамбыл облыстық «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы;
  • Сахипов Амир – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы;
  • Аманжолов Амирлан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы;
  • Мұрат Тимур – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы.

Айта кетсек, Қазақстан құрама командасының математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысуы - 11-24 шілде айында Бат қаласында (Ұлыбритания) өтетін математикадан халықаралық олимпиадаға (IMO) дайындалу және тәжірибе жинақтау болып табылады.

Серіктес жаңалықтары