Таразда 58 жастағы әйелден аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

Ол өзімен бірге тұратын туыстарын да есірткіге тәуелді еткісі келгенін мойындады

Таразда 58 жастағы әйелден аса ірі көлемде есірткі тәркіленді
669

Жамбыл облысының полициясы Тараз қаласының аумағында есірткі заттарын өткізетін арнаны жойды, деп хабарлады turkystan.kz.

Тыйым салынған заттардың аса ірі көлемі 58 жастағы әйелден тәркіленді.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, оның тұрғылықты жерін тінту кезінде жуынатын бөлме мен жатын бөлмеден, жертөледен, сондай-ақ көлігінен есірткі орамалары табылды. Барлығы 19 келі 335 гр гашиш және 22 келі кептірілген марихуана тәркіленді.

«⁠Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әйел есірткіні туған ауылы – Меркі ауданынан әкелген. Ол өзімен бірге тұратын туыстарын да есірткіге тәуелді еткісі келгенін мойындады», – деді Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Серіктес жаңалықтары