Алматыда қызды зорлаған күзетшіге үкім шықты
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Алматыда бойжеткенді зорлады деп айыпталған күзетшіге қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Алматы қаласының Алмалы аудандық сотымен 24 жасар сотталушы К. -ға катысты кісі өлтіру қатерін төндірумен зорлыққа ұласқан, өлтіру қатерін төндірумен ұласқан сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны, сондай-ақ күш қолданып тонау жасағаны үшін айыпталған қылмыстық іс қаралды (ҚК 120 бабы 2 бөлігі 2 тармағы, 121 бабы 2 бөлігі 2 тармағы, 191 бабы 2 бөлігі 1 тармағы).
Процесс жабық режимде өтті (ҚР ҚК 29бап). Сотталушыға 2 эпизод бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылды.
«Сотпен, 2023 жылдың 7 тамызына қараған түні, сотталушы К. қаланың көңіл көтеру орындарының бірінде күзетші болып жұмыс істей отырып, сол түні мекемеге келген жәбірленуші П.- мен танысқаны анықталды», - делінген хабарламада.
Кейін соталушы, жәбірленушінің сеніміне кіріп, үйіне дейін шығарып салуды ұсынған.
«Үйдің кіреберісіне кірген соң, сотталушы жиналмалы пышағын шығарып жәбірленушіні өлтірем деп қорқытып, жыныстық сипаттағы әрекеттерін жасап, содан кейін зорлаған», - делінген хабарламада.
Сотпен сотталушы К., өзінің жазасыздығын түсініп, материалдық жағдайын жақсарту мақсатында тағы бір қылмыстық іс жасауға ниеттенгенін анықталды.
«2023 жылдың 9 қарашасында таңертең сотталушы К., қаланың түнгі клубтарының біріне келіп, кірер есік алдында екі жас жігіттің жанжалын көреді. Кейін, жәбірленушіге жақындап, бетіне соққы беріп, содан кейін, қалтасынан бағалы заттарын шығаруын сұрайды. Жәбірленуші, сотталушының физикалық артықшылығын түсініп, қалтасынан ұялы телефоны мен қолма-қол ақшасын шығарады. Ақшаны алған соң, сотталушы жәбірленушіден ұялы телефонының және мобильді қосымшасының кодын хабарлауын сұрайды, содан кейін, 10.000 теңге көлеміндегі сумманы онлайн өзіне аударып, жәбірленушіге ұялы телефонын қайтарады, содан кейін белгісіз бағытқа кетеді», - делінген хабарламада.
Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сараптама қорытындыларымен, куәлардың айғақтарымен және іс бойынша басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.
«Сот үкімімен сотталушы К. өлтіру қатерін төндірумен ұласқан зорлық бойынша, өлтіру қатерін төндірумен ұласқан сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 1 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды», - делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.