293
ИДМ комитет басшысы 100 мың доллар жымқырған
ИДМ комитет басшысы 100 мың доллар жымқырған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тағы бір шенеуніктің қылмысын әшкереледі. Инвестиция және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев екі айға қамауға алынды деп хабарлайды BNews.kz.
Ведомствоның мәліметінше, Нұрабаев Қазақстан Республикасының территориясы бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасау үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде аса ірі көлемде пара алып отыру мақсатында қылмыстық жоспар құрған. Іске комитет төрағасының сенімді адамдары қатысқан, олар: орынбасары Н. Құрбанов, РГУ «Жер қойнауын пайдалану орталығы» мен «Оңтүстік жер қойнау орталығы» басшысы А. Нұржаубай, Е. Әділханов, ММ «ГЖҚПК «Қазгеоинформ» А.Өтегенов, Маңғыстау облыстық геология инспекциясының басшысы Б. Мұтан, сондай-ақ комитеттің құрылымдық бөлімше басшылары. «2017 жылы 8 наурызда Астананың Алматы ауданының № 2 соты күдікті Базарбай Нұрабаевты 2 айға, яғни 2017 жылдың 6 мамырына дейін қамауға алу үкімін шығарды», - деді Астана сотының баспасөз қызметінің өкілдері.