«Білгішсіне бермеңіздер»: Төреғалидің қарындасы желідегі оқырмандарына жекіп тастады
Танымал әншінің қарындасы Дина Төреәлі әлеуметтік желіде оқырмандарына арнап жазба қалдырды.
Ол сын садағына іліккен Қызылорда қаласындағы өзінің жеке салонын жақтаумен болған, деп хабарлады turkystan.kz.
Әуелде Дина Төреәлі Қызылордаға тойға барғанын мәлімдеген. Сондай-ақ ол сол қаладағы өзінің жеке салонына келген қалыңдықтың суретін әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген.
Алайда оның оқырмандары аталған суретке қатысты күтпеген реакция танытқан. Олар салон қызметкерлерінің қалыңдықтың бет-әлпеті мен қасын жөнді боямағанын сынға алған. Бұл пікірлер Дина Төреәлінің шамына тиіп кеткен сыңайлы.
«Мә, мында өңкей визажистер жиналып қалыпты ғой. Кеше келіннің қасы хит болды. Клиент қандай макияж жасауды сұраса, салондағы қыздары солай жасап береді. Келіннің қасы ламинирование. Оның өзіне сондай қас ұнайды. Әр адамның талғамы әр түрлі. Сондықтан, білгішсіне бермеңіздер, жарай ма?», — деп жазды автор.