Риддер қаласының әкімі қызметінен босатылды

Дәулет Батырбаев жұмыстан кету себебін отбасылық жағдайларға байланысты деп түсіндірді.

Риддер қаласының әкімі қызметінен босатылды
Риддер әкімдігі
905

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімі Дәулет Батырбаев өз еркімен қызметінен кетті.

Дәулет Батырбаев өткен жылдың тамыз айында Риддер қаласының әкімі болып тағайындалған.  

Аз уақыт ішінде көп шаруаны іске асыра алдық. Қаланы жылытуға қатысты күрделі мәселелерге төтеп беріп, екі жаңа мектеп салдық. Тұрғын үйлер мен кәсіпорындардан еріген қар суын бұру бойынша жұмыстарды ойдағыдай жүргіздік. Қоғамдық көліктердің сылбыр жүруі мәселесі де реттелді. Қалада мәдени-ойын-сауық пен бұқаралық спорт жанданды, — деді Дәулет Батырбаев.

Өз сөзінде ол әлеуметтік желіде жарияланған сыни жазбалар қала тұрғындарының проблемаларын тез шешуге ықпал еткенін жеткізді.

Ал жұмыстан кету себебін отбасылық жағдайларға байланысты деп түсіндірді.

Айта кетейік, енді әзірше қала әкімінің орынбасары болған Мұрат Байжүменов қала басшысының міндетін уақытша атқармақ.

Серіктес жаңалықтары