Тарихта алғаш рет: Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына қатысады

Орталық Азиядан Олимпиадаға қатысатын алғашқы құрама команда болмақ.

Тарихта алғаш рет: Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына қатысады
©ufa.uz
723

Өзбекстан футболшылары Қатарда өтіп жатқан жастар арасында Азия чемпионатында Париж Олимпиадасына қатысу мүмкіндігін иеленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дохадағы тартысты додада Өзбекстан футболшылары Индонезия құрамасын 2:0 есебімен жеңді.

Осылайша, өзбек футболшылары Орталық Азиядан Олимпиадаға қатысатын алғашқы құрама команда болмақ. Себебі Азия кубогының финалисіне Олимпиадаға қатысуға жолдама беріледі.

Өзбекстан құрамасы ендігі кезекте Жапония және Ирак арасындағы екінші жартылай финал жұбының жеңімпазымен жолығады.

Серіктес жаңалықтары